Блогер қыз ер заматтарға қол көтеретін заң қабылдауды ұсынды

14 Қаңтар, 2020 122 0

Блогер Динар Нахыпбек ер азаматтарға қол көтеретін заң қабылдауды ұсынды. Бұл туралы ол фейсбук желісіндегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі.

Блогер өз жазбасында: «Мінезсіз, өзіне сенімсіз, ұсақ жігіттер көбейген. Көрген жерде желкесінен нұқып-нұқып жіберіп, жылаған соң барып аямай соққымыз келіп тұратыны рас.

Қысқасы, жігіттерге қол көтеруге рұқсат беретін заң да қажет бізге. Рахмет», - деп қысқа ғана қайырыпты.

Дегенмен, әзіл-шыны аралас жазба желі қолданушыларының назарын аудартпай қоймады.Ер азаматтар журналистің бұл пікірі дұрыс емес екенін айтып, пікір қалдырса, әйелдер жағы жазбаны қолдайтынын алға тартқан.

Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана Қазақстанда тұрмыстық жанжалдар туралы заңға енгізілетін түзетулер қоғамда қызу талқыға түскен.

Тегтер: ДинарНахыпбек, блогер, журналист

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.