Қамыр жайған ер азамат желіні шулатты(видео)

14 Қаңтар, 2020 222 0

Нан илеп, қамыр жайған ер азаматтың видеосы казнетті шулатты, - деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Видеодан байқалғандай, оқиға жазғы кезеңде орын алған. Әйелінің нұсқауымен қамыр жайып отырған ер азамат тіпті бұл жұмысты бұрыннан істеп жүргендей, ептілігін байқатқан.

Мәлім болғандай, азаматтың аты Асылбек екен. «Бүгін кешке манты жейміз, келіңдер. Қамыр жайып үйреніңдер», - деп қамыр жаюдың қызығына кірісіп кеткен ер азаматқа әйелі де риза екені байқалады.

Желі қолданушылары арасында бұл бейнежазба екі ұдай пікір қалыптастырды. Бірінші топ азаматтың жарына көмектескенінде тұрған ештең ежоқ, - десе, екінші топты ер азаматтар езге айналып бара жатқанын алға тартқан.

Тегтер: қамыр, әйел, интернет

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.