Сарыағаш ауданына қарасты №33 жалпы орта білім беретін мектептің 6-сынып оқушысы Мұсақұл Нуриддин қолдан ойыншық көлік жасап шықты, деп Newsroom.kz хабарлайды.
Автокөліктің қаңқасы тоңазытқыштың жарамсыз сөрелерін кесіп, оған қажетті пішінді беру арқылы жасалған. Ішкі дизайн ток сымдарын батареяға қосу арқылы жасалды. Түймені басу арқылы Машина өздігінен жүреді. Ол әр түрлі жарқын шамдармен безендірілген.
Нұриддиннің ойыншық машинасын жасауға 1 апта уақыт кетті. Жетекшісі - Табылдиева Зухра. Әкесі - сынған тұрмыстық техниканы жөндейтін ағаш ұстасы. Әкесінің қасында жүргенде қызығушылық оянып, бүгінгі күнде Жас өнертапқыш тікұшақ жасауға кірісті.
Нұриддиннің мақсаты - болашақта озі мінетін табиғатқа зиянсыз көлік жасау.
Қазақстанға ойыншықтар bugin.kz дереккөздеріне сай: Қытай (65%), Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина (33%) елдерінен тасымалданады. Өкінішке қарай, тұтыну нарығында үлкен сұранысқа ие, әрі маңызды саналатын бұл саладағы отандық өндіріс иелерінің орны бос тұр. Қазақстан балалар тауарлары өндірісі ассоциациясының президенті Дарья Гайденрайх бізге ұсынған мәліметінде, ойыншықтардың 98 пайызы импортталатынын айтты.
Статистика комитетінің дерегінше, өткен жылдың қаңтар-ақпан айларында 16,4 тонна қуыршақ (240 мың доллар), 13,7 тонна электрлі паравоз (66,7 мың доллар), 44,2 тонна құрастырғыштар (1млн202,7 мың доллар), 230,2 тонна жануарлардың бейнесіндегі ойыншықтар (2млн 041,1мың доллар), 1,8 тонна балалардың музыкалық аспап ойыншықтары (21,8 мың доллар), 0,7 тонна ағаштан жасалған басқатырғыш (7.5 мың доллар), 113,6 тонна әртүрлі ойыншықтар жиынтығы (671,0 мың доллар), 17,9 тонна робот пен қозғалтқыш орнатылған машина (182,6 мың доллар), 3,6 тонна пистолет (70,5 мың доллар), 8,2 тонна үрленген доп (147,9 мың доллар), 7,2 тонна роликті коньки (57,6 мың доллар) импортталған. Одан бөлек, елге 17.9 тонна әткеншек, алтыбақан және басқа да аттракциондар 282,6 мың долларға жеткізілген.Отбасының балаға жұмсалатын орташа статистикалық мөлшері 60 пайызды көрсетеді, оның 18%-і түрлі ойын-сауықтық шараларға, 22 пайызы білім алу мен түрлі дамыту жұмыстарына кетеді екен. Отбасындағы бұл шығын баланың жасына сай өзгеріп отырады.
Балалар тауарлары өндірісі ассоцациясының президенті Дарья Гайденрайх болашақта отандық ойыншық бизнесінің дамитынына сенеді. "Бұл саланың болашағы бар. Қазірдің өзінде отандық нарықта өзіміздің өнімдер пайда бола бастады. Олардың сапалары еуропалық стандарттардан еш кем емес. Біздегі импорт мәселесі де алдағы уақытта көбеймесе азаймайды. Өйткені, бұл нарықтағы тұтынушы сұранысы мен талабы жоғары. Елде қандай дағдарыс орын алса да, бизнес бір орнында тоқтап қалмайды, ол дами береді. Біз өзімізге артық дүние сатып алмауымыз мүмкін, бірақ балаларға міндетті түрде керек заттарының бәрін аламыз. Сондықтан бізге осы салаға қызығатын сауатты отандық өндіріс иелері мен балаға деген махаббат қажет. Ойыншық импортындағы көлеңкелі бизнеске тоқтау сала алсақ, сапа мәселесіне алаңдамауға болады. Біз сырттан келетін тауарларға күдікпен емес, талғаммен ғана қарауымыз керек" – дейді.