«BI Group» холдингінің өкілдері Дархан Сатыбалдығы 1000 орындық жатақхананың жобасын таныстырды
«BI Group» холдингінің өкілдері Дархан Сатыбалдығы 1000 орындық жатақхананың жобасын таныстырды
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бірқатар нысандар бойынша мердігерлер мен инвесторларды қабылдады, деп Newsroom.kz хабарлайды.
Кездесуде «BI Group» холдингінің Оңтүстік өңірі бойынша дивизион кураторы Айдын Маиусов, «BI Group» холдингінің басшысы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бөлімінің басшысы Нариман Қасабулатов, жоба менеджері Игілік Махмутовтың ұсыныстары тыңдалды.
«BI Group» холдингінің өкілдері облыс әкіміне 1000 орындық колледж студенттеріне арналған жатақхана жобасын таныстырды.
Инвестор Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жатақхана салуды ұсынуда. Жатақханада асхана, спорт залы, қонақ бөлмесі және жатын бөлмелері болады. Заманауи жабдықталған. Студенттердің жан-жақты дамуы үшін толыққанды жағдайлар жасалады. Бұл жоба да толық зерделеніп, болашақта тиісті шешім қабылданатын болады.
Кездесуде ескек есу каналы құрылысының қорытынды кезеңдерін жүзеге асыру жолдары, Түркістандағы «Түркістан Арена» стадионының жасыл алаңына жаңа талаптарға сай жылыту жүйесін жүргізу енгізу талданды.