Жаңалықтар

Қытайлық теннисші тарихта тұңғыш рет АТР турнирін ұтып алды

Қытайлық теннисші У Ибин Далластағы АТР турнирінде жеңіске жетті, деп Newsroom.kz хабарлайды kaz.people.cn дереккөздеріне сүйене отырып

Әлемнің 97-ракеткасы саналатын У Ибин үш сет қорытындысы бойынша америкалық Джон Изнерді (39-ракетка) жеңіп кетті. Есеп -  6:7 (4:7), 7:6 (7:3).

Осылайша, У Ибин АТР турнирінде топ жарған алғашқы қытайлық теннисші ретінде тарихқа еніп отыр. Сондай-ақ ол рейтингте алғашқы ондыққа енетін спортшы Тэйлор Фрицті ұтқан алғашқы Қытай теннисшісі ретінде де есте қалмақ. 

Фото: kaz.people.cn