Атырауда 1,5 жасар бала жоғалды

Атырауда 1,5 жасар бала жоғалды

ашық дереккөзі

Атырауда 150-ден астам тұрғын 1,5 жасар баланы іздеп жатыр, - деп хабарлайды Newsroom + тілшісі қоғам белсендісі Олжас Сұлтановқа сілтеме жасап.  width= Бала 20 мамыр күні сағат 13.30-да шыққан және оралмаған. Есімі - Әли, 1,5 жаста, оң аяғын сілтіп басады.

Жергілікті тұрғындар бірнеше сағат бойы іздеді. Құқық қорғау органдары, волонтерлар да көмектесіп жатыр. Жұлдыз шағын ауданының 150-ден астам тұрғыны, 50-ге жуық волонтер және 20 әскери қызметкер іздеп жатыр. Аzh.kz басылымы көрші үйдегі бейнебақылау камерасының жазбасында баланың аулада жүргенін, содан соң бет алған жаққа кете бергенін атап өткен. Олжас Сұлтановтың айтуынша, анасы баланы аулада қалдырып, бірнеше минутқа үйіне кірген. Кейін шықса, бала жоқ. Бірден іздеген. Үш дронмен іздестірілді, аулалар, қоқыс алаңдары, суағарлар түгел тексерілген.

Жүктелуде...