Жаңалықтар

Шымкентте қоғамдық көліктерде кондуктар болмайды

Шымкентте қоғамдық көліктерде кондуктар болмайды

2023 жылдың 1 наурыз айынан бастап қоғамдық көліктерінде кондукторсыз жүйе енгізіледі, деп newsroom.kz хабарлайды tolemcard.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Жолаушы жолақыны автобусқа отыратын кезде валидатор, SMS және QR коды арқылы міндетті түрде төлеуі қажет. Қолма-қол ақшаны төлеу кезінде жүргізушіден түбіртекті сұраңыз, ол жолдың соңына дейін сақталуы керек.

Көлік картасымен, SMS.  немесе QR коды арқылы жолақысын төлесе тариф 70 теңгені, ал қолма-қол төлеу кезінде 100 теңгені құрайды.

ӘҚБтК-нің 622-бабының 2-тармағына сәйкес, қоғамдық көліктерде жол жүру ақысын төлеуден жалтару 2АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Осыған орай, полиция қызметкерлерінің қатысуымен рейдтік іс-шаралар жүйелі түрде өткізілетіе болады.

Фото: okg.kz