Жаңалықтар

Италиялық тұрғын 1 миллион еуроның картинасын ұтып алды

Италиялық тұрғын 1 миллион еуроның картинасын ұтып алды

Италия тұрғыны суретші Пабло Пикассоның 1 миллион еуро тұратын картинасын лотереядан ұтып алды, деп хабарлайды Newsroom + тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.  width= Италиялық әйел Пабло Пикассоның "Натюрморт" картинасын ұтып алған. Ол 1921 жылы салыныпты. Онда стақан, абсент пен газеттің бөлігі бейнелеген. Christie's аукцион үйі ұйымдастырған лотереяда 50 мыңнан астам билет сатылған. Ұтысқа қатысушылар әр билетті 100 еуроға сатып алыпты.
https://youtu.be/e0_YC5Wwqh0  
"Картина үйде ілініп тұрса да, оны ұрлап кету қаупі бар. Әрине, сақтандыру керек. Алайда картинаны миллион адам көрді ғой. Ұрылар оны қайтадан сата алмайды", - дейді қайырымдылық лотереясының ұйымдастырушысы Пери Кошен.
Лотереядан жиналған қаражаттың 900 мың еуросы картинаның бұрынғы иесі беріледі. Ал ақшаның қалған бөлігі Мадагаскар пен Камерун халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қайырымдылық ұйымына бөлінеді.
"Таза сусыз өмір сүру мүмкін емес. Коронавирус адамның өмірі таза сумен тығыз байланысты екенін көрсетті. Коронавирустан қорғанудың ең тиімді жолы - қолды жуу. Алайда сізде су болмаса, қолыңызды жуа алмайсыз", - дейді Пери Кошен.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, сәттілік әкелген билет желтоқсан айында сатылып, лотерея жеңімпазына сыйға тартылыпты.