Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысындағы тікұшақ апатының себебі айтылды

Батыс Қазақстан облысындағы тікұшақ апатының себебі айтылды

Кеше сағат 15:48 де Батыс Қазақстан облысында тіұшақ құлап, 4 адам қаза тапты. Осыған байланысты ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов брифингте тікұшақ апатынын қалай болғанын айтты, деп хабарлайды newsroom.kz.

Ол Төтенше жағдай министрлігінің атынан көз жұмғандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Оның сөзінше, хабарламада Орал қаласынан 54 шақырым жерде Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Чапурино ауылының маңындағы ашық аумаққа ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ-ның Ми-8 тікұшағы апатты жағдайда қонғаны айтылған. Тікұшақ "Атырау-Орал-Атырау" бағыты бойынша ұшқан. 23 ақпан күні сағат 10:40-та "Қазтрансойл" АҚ өтініші бойынша "Өзен-Атырау-Самара" магистралдық мұнай құбырын шолып, қарап шығу үшін Атыраудан ұшып шыққан. Бортта 6 адам – экипаждың 5 мүшесі мен "ҚазТрансОйл" АҚ-ның 1 өкілі болған. "Тікұшақтың апатты жағдайда қонғаны туралы хабарламадан кейін оқиға орнына БҚО ТЖД басшысының орынбасары, азаматтық қорғаныс полковнигі Рашид Біләлов бастаған 23 құтқарушы және 8 техника, сонымен бірге Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының 15 дәрігерінен тұратын топ барды. Олармен бірге полицейлер де жеткен,-деді ТЖМ өкілі.

Оқиға орнында жедел-штаб құрылып, жедел желі ашылған. Сағат 19:07-де ТЖ орнында ТЖД күштері 4 адамның денесін тапқан.

Қайтыс болғандар: әуе кемесінің командирі Дәулетбай Қанатов, екінші ұшқыш Владимир Афанасьев, борт-механик Сиязбек Андосов және жетекші инженер Жәрдем Досқалиев. Сондай-ақ Иманқұловтың айтуынша, экипаж құрамында болғандардың барлығы жоғары білікті, жұмыс тәжірибесі мол, ұшақта ұшқан сағаттары да көп мамандар болған. ТЖМ өкілінің сөзінше, зардап шеккен борттағы тағы екі адам Орал қаласының ауруханасына жатқызылған.

"Қазавиақұтқару" АҚ-ның бас директоры оқиға орнына бірден ұшып кетті. Бүгін онда тікұшақты жасаған зауыттың өкілдері де барады. Оқиғаның мән-жайын тергеумен ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері мен ИИДМ көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру жөніндегі департамент қызметкерлері айналысатын болады", - деді Руслан Иманқұлов.

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі