Жаңалықтар

Коронавирус жұқтырған түркістандық әйел қазақстандықтарға үндеу жолдады

Коронавирус жұқтырған түркістандық әйел қазақстандықтарға үндеу жолдады

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов желідегі парақшасында коронавирус жұқтырған әйелдің ауруға сенбейтіндерге үндеуі түсірілген видеоны жариялады, деп хабарлайды Newsroom + тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.  width= "Коронавирус дертіне шалдыққан Түркістан облысының тұрғыны сіздерге сәлем жолдап, бұл дертке немқұрайлы қарамауға шақырады. 4 күн бойы дәрігерлер ауыр жағдайда жатқан әйел адамның өміріне араша түсіп, тек бесінші күн дегенде оның жағдайы жақсарған. Ал бүгін науқас бетпердені шешіп, далада алаңсыз қыдырып жүрген түркістандықтарға арнап мәлімдеме жасады. Оның баласы да COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды, оның жағдайы ауыр. Төтенше жағдай режимінің аяқталуы вирустың жойылғаны емес. Сол себепті абай болайық достар!", - деп жазды Facebook-тегі парақшасында Сәкен Қалқаманов.