Жаңалықтар

Италия инфляция деңгейі баяулап келеді

Италияның Статистика агенттігі (Istat) биыл қаңтар айындағы деректерге сүйене отырып, елдегі инфляцияның баяулағанын атап өтті, деп Newsroom.kz хабарлайды Inform.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Италияда ағымдағы жылдың қаңтарында жылдық инфляция деңгейі 2022 жылғы желтоқсандағы 11,6%-дан 10%-ға дейін төмендеді.

Аталған статистика агенттігінің хабарламасына қарағанда, ISTAT тұтынушылық бағалар индексі қаңтарда ай сайын 0,1% өскен. Мәселен азық-түлік және тұрмыстық тауарлар сияқты жиі сатып алынатын заттар индексі 2023 жылдың қаңтарында 12% -ға өскен. Өткен жылдың желтоқсанындағы бұл 12,6% құрады.

Фото: Bankstoday.net