Жаңалықтар

Түркістанда Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне «Даңқ» залы ашылды

Түркістанда Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне «Даңқ» залы ашылды

Түркістан облысы орталығындағы Нәзір Төреқұлов атындағы №8 жалпы орта мектебінде Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне орай «Даңқ» залының лентасы қиылды, деп Newsroom.kz хабарлайды.

 width= Аталмыш білім ошағынан ардагерлер құрмет залының ашылуының өзіндік мәні бар: бұл мектептің 8 түлегі сұрапыл соғысқа аттанған қан майданның куәгерлері.
«Кеңес әскерінің қатарында біздер интернационалдық борышымызды өтеп қайттық. Ешқашан соғыс болмасын деп тілеймін. Егеменді еліміздің туы биікте желбіресін. Түркістанда ардагерлердің ұйымын ашқанымызға 24 жыл болды. Осы жылдар аралығында қаладағы университет, колледж студенттерімен кездестік. Мектеп оқушыларымен жүздесіп, әр мектепке барып патриоттық тәрбие сағатын өткізіп жатырмыз», – деді «Түркістан облысы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тұрғанбек Бегимов.
 width= Білім ошағының шәкірттерімен кездескен жауынгерлер ерлік соғысқа барумен өлшенбейтінін айтты. Түркістан қалалық адам әлеуетін дамыту бөлімінің меңгерушісі Оразкүл Қолдасованың айтуынша, аға буын ақылы студенттерге дем беріп, бұл олардың жүрегінде мәңгілік жаңғырып тұратын өмірдің қайнар бұлағы болары анық. Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл. Түркістан облысынан барлығы 870-ке жуық жауынгер майданға аттанды. Қазір рухани астанада 10 жылдық соғыстың 139 ардагері тұрады. Айта кетсек, Ауған соғысы — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық-демократяиылық үкіметті” қолдап, көршілес елдің соцмалистік бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді. 1965 жылы қаңтарда Ауғанстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік крмитеті (МХК) тыңшыларының қатысуымен жартылай астыртын қызмет атқарған халықтық-демократиялық партия (ХДП) құрылып, біраздан соң ол екіге бөлінген. “Хальк” тобын Н.М.Тараки, Х.Амин, ал “Парчам” тобын Б.Кармаль басқарды. 1977 жылы мамырда Мәскеудің нұсқауымен ХДП-ның екі тобы бірігіп, астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі ХДП-ға қысым жасап, 1978 жылы 26 сәуірде оның басшыларын қамауға алды. Ертеңіне Кабулдағы әскери күштер көтеріліп, Дауд бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғанстанда ХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға кірісті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік мамандарды көбірек пайдалану, жергілікті көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен санаспау, т.б. бұқара халықтың наразылығын тудырды. 1978 жылы қазанда ірі қарулы қарсылықтар басталды. Ауған үкіметі КСРО-мен достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа отырып (желтоқсан, 1978), Мәскеуге арқа сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда ХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп (1978, шілде-тамыз), оның өзін Чехословакияға елші етіп жіберді. Келесі жылғы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, ХДП мен мемлекет басына Амин отырады. Бұл жағдайды Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО МХК Аминді қызметінен шеттетіп, “парчамшылдарды” билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы (Л.И. Брежнев, Ю.В. Андропов, М.А. Суслов, Д.Ф. Устинов, А.А. Громыко) Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 1979 жылы 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000-ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000-дайы мүгедектер қатарында. Ауғандық ардагерлер қоғамы өкілдерінің сөзінше кеңес заманында мемлекет тарапынан бұларға айтарлықтай көңіл бөлінді. Ал қазіргі кезде аталмыш жеңілдіктерден мүлдем алынып тасталды. Елбасының 1998 - жылдың 28 - сәуірінде шыққан жарлығы аталған жандарға берілетін қаржылық көмектің мөлшерін анықтап берді. Бүгінде ол 2 мың теңгеден сәл ғана асады.