Жаңалықтар

Медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігі артады

Медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігі артады

«AMANAT» партиясынан депутаттыққа кандидаттар №36 қалалық емхананың ұжымымен кездесті, деп Newsroom.kz хабарлайды.

Жиын партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасында баяндалған медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту бағытында өрбіді.

Алматы қаласының сайлауалды штабының басшысы Станислав Канкуров халық санының өсуіне байланысты мегаполисте әлеуметтік сала нысандарындағы жүктеме де біршама артқанын мәлімдеді. Бұл орайда алматылықтар денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы қызмет сапасы көңіл көншітпейтінін жеткізді.

 width=

«Алматының дамуында әрбір адам, әрбір отбасының мәселесі маңызға ие. «AMANAT» партиясы бюджет қаражатын тиімді игеруде әлеуметтік салаға басымдық береді», – деп атап өтті Алматы қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат.

«Дені саудың – жаны сау» демекші, жиынға қатысқан өзге де үміткерлер денсаулық сақтау саласында қандай іс-шаралар жүзеге асатынын мәлімдеді. Бүгінде Алматыдағы мемлекеттік емханалардың 60 пайыздан астамында жүктеме 1,7 есе артық. Бұл ретте мегаполистегі туу көрсеткіші мен өмір сүру ұзақтығына байланысты қала халқының саны өсіп келеді. Партиялық тізім бойынша қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Сана Жандай мен Рустам Қайрыев 2025 жылға қарай медициналық қызметке жүгінетін тұрғындардың саны ұлғаятынын тілге тиек етті.  Болжам бойынша емханаларға қарттар мен балалар жиі баруы мүмкін.

«Мәселені шешу үшін жаңа емханалар салып, жұмыс істеп тұрған емханаларға жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Жедел жәрдем бригадалары шұғыл келу үшін жедел медициналық көмек қосалқы стансаларының жұмысына ерекше назар аудару қажет. Сонымен қатар, медицина саласында жаңа кадрларды дайындау, дәрігерлердің біліктілігін арттыру да маңызды. Бұл мәселені «AMANAT» партиясы бірінші кезекте қарастыруды көздеп отыр», – деді Сана Жандай.

Рустам Қайрыевтың айтуынша, қабылданған шаралар өмір сүру ұзақтығын 77,8 жасқа дейін ұзартады.

«Біздің міндетіміз – Алматының әрбір тұрғынына қамқор болу», – деп қорытындылады сөзін Р.Қайрыев.

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді