Неге жылына 5000-ға жуық қазақ қызы басқа ұлт өкіліне тұрмысқа шығады?

09 Қаңтар, 2020 270 0

2019 жылдың 6-9 желтоқсанында Ресей Федерациясындағы қазақтың байырғы өлкесі Омбы қаласында Ресей президентінің қоры грантын жеңіп алған «Омбы қазақтары» қоғамдық ұйымы қазақстандық және ресейлік қазақ жастарының басын қосып, «АЛҒА» форумын өткізді. 

Белсенді қазақ жастары ой-пікірлерін ортаға салып, біраз мәселелер талқыланды.

Бірақ менің айтайын дегенім басқа нәрсе. Форум өз мәресіне жетіп үшінші күні мерекелік кешкі асқа жиналдық. Қазақша ән, ұлттық би, домбраның үні. Тойдың орта тұсында жүргізуші, жастарды ортаға шығарып жұп-жұпқа бөлді, әр түрлі ойындар ойнатты. Мен де қатысқам, жұбым Мәскеуден келген қазақ қызы. Той аяқталар тұста ресейлік кәсіпкер қазақ жігіті - кімде кім осы форумда танысып үйленетін болса, 100 мың рубль сыйға беремін деді. Біздің қасымызға келіп мен үшін ең әдемі жұп осылар деп қолымызды алып , уәдесін тағы қайталады.

Бұл қатысушылар үшін, басқалар үшін де жәй ойын-сауық көңіл көтеру болар. Бірақ бұл жігіттің ойында терең мән жатыр.
Шетте жүрген қазақтың қыздары өзіміздің қазақ жігітіне тұрмысқа шықса деген ізгі ой.

Дәл осындай жиын Еуропа қазақтары арасында да жыл сайын өтеді. Үлкендер жастардың басын қосып ойын-сауық құрып, олардың танысып, табысуына себеп болады екен. Олар еуропалықтарға қыз беріп немесе қыз алысуды өте жат санайды. Мысалға айтсақ, Ирандағы қазақтар үшін ирандықтарға қыз беру немесе олардан қыз алу ұлт үшін ұят нәрсе. Қытайдағы қазақтарда қытайлықтармен құда болған емес. Бұл біз үшін өліммен тең дейді қытайдағы қазақ бауырларымыз.

Ал, Қазақстандағы қазақ жастарына тоқталсақ, статистика агенттігі таратқан мәліметтер бойынша елімізде 2011 жылдан 2015 жылға дейін әр жылда 5000-нан астам қазақ жігіті басқа ұлттан қыз алып, 5000-ға жуық қазақ қызы басқа ұлт өкіліне тұрмысқа шығады екен. Бірақ бұл көрсеткіште қанша неке қандай ұлтпен екені көрсетілмеген. ( https://stan.kz/aralas-neke-alegi-ozge ult-okiline-tur/)

Бұл деректер шеттегі қазақтардың «көгерсең өз ұлтыңмен көгер» деген бабаларымыздың ата дәстүрін берік ұстанып келе жатқанын көрсетеді. Қанша сыртта жүрсе де, қандастарымыз ата-дәстүрге адалдық таныта алып отыр. Қалайша разы болмайсың.Ұлтыңды сүюдің ғажап көрінісі.Бұл қасиет тәуелсіз елімізде тұрып жатқан жастарымыздың да бойында болуы тиіс,көкейінде тұруы керек. Сонда ғана ұлттық кодымыз сапалы сақталатыны сөзсіз.

«Отандастар Қоры» өкілі Н. Жұмағазиев,

"Адырна" ұлттық порталы

Тегтер: қыз, ұлт, отбасы, шетел

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.