Жаңалықтар

Елімізде балаларға қарсы қылмыс көбейіп келеді

Елімізде балаларға қарсы қылмыс көбейіп келеді

Биыл қаңтар айында елімізде кәмелетке толмағандарға қатысты 227 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 32% көп, деп Newsroom.kz хабарлайды Ranking.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Анықтама үшін: 2022 жылдың осы кезеңінде саладағы құқық бұзушылықтар саны жылына 32,8% азайып, 172 болған.

 width=

Өңірлер бойынгша мұндай құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Алматы облысында жасалған: бір жыл бұрын 18 іс болса, енді 25.

Одан кейін Алматы қаласы (23 іс, 2022 жылы 8) және Түркістан облысы (19 іс, бір жыл бұрын 20). Атырау мен Жамбыл облыстары да қалыспайды: әрқайсында 17 істен.

Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың ең азы Ұлытау және Абай облыстарында тіркелген: сәйкесінше 3 және 4 іс.

 width=

Көбіне кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар жеке адамға қарсы жасалған: 137 іс — 2022 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 18,1% көп. Сондай-ақ секторда меншікке қарсы 33 құқық бұзушылық, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы 17 құқық бұзушылық, көлікте 17 құқық бұзушылық және отбасына қарсы 12 құқық бұзушылық жасалған.

Баптар бойынша статистика қорқынышты көрінеді: мысалы, «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы басқа да әрекеттер» бабы бойынша бір жыл бұрын 25 іс болса, қазір 45 іс. «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» — 24 іс, бір жыл бұрын 22 іс, «Зорлау» және «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» баптары бойынша әрқайсысы 20 іс.

 width=

Фото: Azattyq.org