Сүрбойдақ атанған әнші Кентал шаңырақ көтеріп, өмірлік жарымен некелесті, деп жазады NeesRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі kaz.nur.kz-ке сілтеме жасап.
Танымал әнші өзінің 20 жасар сүйіктісімен шариғат бойынша некесін қидырған. Бұл туралы Кенталдың жары Милананың Instagram желісіндегі парақшасынан белгілі болды. Қалыңдық көпшілікпен қуанышты жаңалығымен бөлісіп, некесі қиылған сәтінен фото жариялаған.
Әнші карантин аяқталуын күтпей, ерлі-зайыпты атануға бел буған. Ол сүйіктісімен некесін 17 сәуір күні қидырғаны белгілі болды.
Сонымен қатар, Милана жолдасының тегін алған көрінеді. Оған бойжеткеннің жеке парақшасындағы мәлімет дәлел болмақ. Ол енді Кенжеболатова болып кеткен. Кентал сахналық лақап атымен танымал болған әншінің шын аты-жөні Талғат Кенжеболатов.
Отандық әншінің жары өзінен 14 жас кіші. Кейбір сұхбаттарында жақын арада үйленетіні туралы айтқан болатын. Әншінің жүрегінің қалауы өзге ұлт өкілі, Милана есімді қызға түскен.
Жоғарғы оқу орнының екінші курс студенті.
Кентал бұдан алдын "қазақ қыздары өзге ұлтына тұрмысқа шықпау керек. Алайда қазақ жігіттері өзге ұлттың қызына үйленуіне рұқсат бар. Бір дінді ұстанса, екеуінің шаңырақ көтеруіне ешқандай кедергі жоқ" деген болатын.