Ауласын тазалап жүріп, мол байлыққа кенеліпті дегенді кітаптан немесе кинодан көруші еді. Бүгінгі жариялайтын әңгіме шын мәнісінде болған оқиға.
Франция билігі карантин режимін күшейткен соң, бір ауқатты отбасы қала сыртындағы ескі үйіне уақытша тұруды ұйғарады. Ойын балалары атасынан үйшік салып берін өтінеді. Атасы әжесінің бөлмесінен қажетті заттарды алып келуін тапсырады. Балалар ойнап жүріп, көрпе төсегінің арасынан ауыр зат тауып алады. Оған мән бермеген ойын балалары тапқан дүниелерін кешке бір ақ есіне түсіреді.
Бұл екі келіге жуық алтын құймалары екен. Отбасы сарапшыға апарып көрсетеді. Әлгі алтындардың құны кемінде 100 мың евроға бағаланады.
Құнды дүние 1967 жылы шыққаны анықталған. Отбасының әжесі "тығып" қойған алтыны осы күнге дейін байқаусыз жатқан екен. Отбасы мүшелері әлгі алтынды маусым айында аукционда сатпақшы. Бір құйма алтыны шамамен 52-54 мың евроны құрайды.