Жаңалықтар

Шымкенттегі атыс: Күдікті жараланып, КГБ күзетшісі саусағынан айырылды

Шымкенттегі атыс: Күдікті жараланып, КГБ күзетшісі саусағынан айырылды

Жараланған күзетшіге бірінші клиникалық аурухананың дәрігерлері шұғыл ота жасады. Отадан кейін науқас ауруханада дәрігерлердің бақылауында болып, үйіне шығарылған, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

"КГБ күзет агенттігің қызметкері ауруханаға 20 ақпанда сағат 15:10-да оқ жарақатымен және сол қолдың бірінші саусағының дистальды фалангааралық буынының жарақаттануымен түсті. Сол жақ қолдың бірінші саусағының негізгі фалангасы деңгейінде ампутациялық діңгекті қалыптастыра отырып, жараға бастапқы хирургиялық өңдеу жүргізілді. Жағдай салыстырмалы түрде қанағаттанарлық деп бағаланды. Осыған байланысты тұрғылықты жері бойынша емханаға амбулаториялық емделуге жіберілді",-дейді Мадияр Бөгебаев, № 1 Қалалық клиникалық ауруханасының травматолог-дәрігері.

Атқыштың өзі де жарақат алды. Ол қару-жарақ дүкеніне қарумен келген. Карабинді сол жерден алғанымен, шыға алмады. Оны полиция қызметкерлері ұстап алды.

"Өзбекстан азаматы, 1973 жылы туған, ол да жарақат алды. Ол түнгі сағат 3-4-те ауруханаға жеткізілді. Оны ауруханаға полиция қызметкерлері алып келді. Ол тобығынан жарақат алған. Оның аяғына бірнеше рет оқ атылған. Оған медициналық көмек көрсетілді. Жағдайы қанағаттанарлық",-Мадияр Бөгебаев, 1 қалалық ауруханасының травматолог-дәрігері.

Фото: orda.kz