Елімізде ерлерге қарағанда әйелдер алаяқтарға алданып қалудан көбірек қорқады
Елімізде ерлерге қарағанда әйелдер алаяқтарға алданып қалудан көбірек қорқады
Құқық қорғау органдарына көмек сұрап келген қазақстандықтардың тек 0,2%-ы ғана экономикалық тергеу қызметіне жүгінеді, деп newsroom.kz хабарлайды finprom.kz дереккөздеріне сүйене отырып.
2022 жылдың қазан-қараша айларында жүргізілген «Халықтың құқық қорғау органдарына сенім деңгейі» таңдамалы сауалнамасына сәйкес, респонденттердің 43,6%-ы алаяқтардың шоттан немесе банк картасынан ақша шешіп алуынан қорқады. Ал бір жыл бұрын мұндай респонденттердің үлесі 46,2% болды. Респонденттердің 54,5%-ы бұндайға алаңдамайтын, ал 2%-да тіпті шот немесе банк картасы мүлдем жоқ екенін айтқан.
Бұл ретте, құқық қорғау органдарына* көмек сұрап жүгінген барлық респонденттердің ішінде экономикалық тергеу қызметіне жүгінгендердің саны 0,2% ғана болған, ал бір жыл бұрын олардың саны аз — 0,8% болған.
Гендерлік тұрғыдан алғанда, алаяқтардың кесірінен картадан немесе шоттан ақша жоғалту мүмкіндігіне алаңдайтын әйелдердің үлесі ерлерге қарағанда айтарлықтай жоғары: тиісінше 48,2% және 38,5%. Бұл ретте шоты немесе банк картасы жоқ әйелдердің үлесі ерлерге қарағанда аз: тиісінше 1,4% және 2,6%.
* прокуратураға, полиция, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі
Экономикалық тергеу қызметіне толық сенуге келісетіндерін айтқан респонденттердің үлесі 2021 жылғы қараша-желтоқсандағы 21,6%-дан 2022 жылғы қазан-қарашада 24,9%-ға дейін өскенін атап өткен жөн. Ішінара келісетіндердің үлесі де өсті: 23,3%-дан 27,7%-ға дейін.
Бұл ретте бұл қызметке сенім артуға болатындығымен ішінара келіспеген респонденттердің үлесі (2,2%-дан 2,8%-ға дейін), сондай-ақ бұл мәлімдемемен толық келіспегендердің үлесі (1,1%-дан 1,5%-ға дейін) көбейді. Бірақ экономикалық тергеу қызметімен ешқашан кездеспегендердің үлесі бір жылда 51,7%-дан 43,2%-ға дейін төмендеді.
Респонденттердің 26,1%-ы экономикалық тергеу қызметінің ашықтығы немесе қолжетімділігінің жоғары дәрежеде, 36%-ы орташа дәрежеде, 6,5%-ы төмен дәрежеде деп атап өтті. Бұл ретте респонденттердің 31,3%-ы осы қызметтің ашықтығы туралы қандай да бір пікір білдіруге және жауап беруге қиналған.
Фото: kapital.kz