Зеленский екінші рет президент болудан үмітті екенін меңзеді
Зеленский екінші рет президент болудан үмітті екенін меңзеді
Украина президенті Владимир Зеленский алғаш рет екінші мерзімге қалу мүмкіндігі туралы айтты. деп хабарлайды Newsroom + тілшісі Bag.kz сілтеме жасап.
"Шынымды айтсам, берген уәделерімнің барлығын орындау үшін бір мерзім жеткіліксіз" - деді Зеленский 20 мамырда баспасөз мәслихаты кезінде."Екінші мерзімге қалу үшін сайлауға түсесіз бе?" деген сұраққа ол "көреміз" деп жауап берді. Владимир Зеленскийдің баспасөз мәслихатынан "Настоящее время" телеарнасы тікелей эфирде хабар таратты. Бұған дейін Владимир Зеленский екінші мерзімге қалғысы келмейтінін және алғашқы мерзім аяқталған соң "жаңа Украинаның кілтін" өзінен кейін сайланатын адамға тапсыратынын айтқан еді. Украиналық "Рейтинг" әлеуметтік тобының сауалнама қорытындысы бойынша, зерттеуге қатысқан украиналықтардың 16 пайызы Зеленскийді тәуелсіз Украина тарихындағы ең үздік президент санайды. Зеленский бұл көрсеткіш бойынша екінші орында тұр, ал бірінші орында елді 1994-2005 жылдары басқарған Леонид Кучма тұр.