Бар-жоғы 75 мың теңгелік зейнетақы аламын: Роза Рымбаева неліктен президентпен кездескісі келгендігі жайлы айтты

09 Қаңтар, 2020 693 0

Қазақстанның "Еңбек Ері" атағын алған Роза Рымбаева марапатты табыстау сәтінде батылдық танытып, Қасым-Жомарт Тоқаевтің қабылдауын сұрады. Өзінің "Время" басылымының журналисіне берген сұқбатында мемлекет басшысымен болған әңгімесі жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Роза Рымбаева бұған дейін Ақордаға кіріп көрмепті, сонымен қатар ол президенттің өзімен жеке қалып, ешқашан әңгімелеспепті. 

"Мен президентмен өзімінің алдағы 45 жыл сахнада өнер көрсетуіме байланысты мерейтой жайлы сөйлесуім керек болатын. Қазақстанның түкпір-түкпіріне барып, беретін концертеріме орай оның қолдауы қажет. Мен ақша қуған адам емеспін ғой, сол себепті билеттерімді таратып, хабарландырулар іліп, үлкен залдар мен аспан асты ашық алаңдарда өнер көрсетуім қиынға соғады. Ол үшін арнайы LED-экрандар, безендірулер, жақсы дыбыс пен тиісті жарық болуы керек. Егер мемлекет басшысы тарапынан арнайы бұйрық түсетін болса, жергілікті билік концерт ұйымдастыруды өз қолдарына алатыны сөзсіз", - дейді халық әртісі. 


Тегтер: РозаРымбаева, әнші, зейнетақы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.