Жаңалықтар

Ядролық соғыс қауіпі күн санап өсуде

Ядролық соғыс қауіпі күн санап өсуде

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы қарулы қақтығыстың 1-жылдығы қарсаңында Федералдық жиналысқа үндеу жасап, екі сағат бойы сөйледі, деп Newsroom.kz жазады Inbusiness.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Ұзақ жолаудың негізгі тезистеріне тоқталсақ, олардың қысқаша сипататы төмендегідей: 

-  Путин Ресейдің АҚШ-пен жасалған стратегиялық қару-жарақтарды қысқарту жөніндегі келісімге қатысуын тоқтататынын мәлімдеді. Мұны сарапшылар Батысқа бағытталған ядролық ескерту деп қабылдады.

Мәскеу мен Вашингтон бұл құжатқа 2010 жылы қол қойып, 2021-де оның мерзімін тағы бес жылға созды. Сондағы мақсаттары – Құрама Штаттар мен Ресейде атомдық оқтұмсықтар мен ракеталардың, сүйгуір қайықтар мен ядролық бомба тасымалдайтын ұшақтар санын кеміту.

Соңғы мәліметке қарағанда, Ресей мен АҚШ әлемдегі жаппай қырып-жоятын қарудың 90 пайызын иеленіп отыр, Және де бұл арсеналмен планетаны бірнеше рет жарып жіберуге болады екен.

- Путин бүгінгі сөзінде Украина мен Батысты соғыс үшін айыптаған бұрынғы мәлімдемелерін тағы да қайталады.

Соғысты бастаған – Батыс. Оны тоқтату үшін Ресей күш қолданып жатыр. Болып жатқан жағдайлардың бәріне "антиресейлік" жоба жасап жатқан Батыс элитасы жауапты", - дейді Кремль басшысы.

- Оның тағы бір мәлімдемесі Ресейдің "Киевтегі неонацистік режимді жою" жауапкершілігіне қатысты. Путинге сенсек, "Батыс саяси қастандықтарға, Киев режимінің диссиденттерге қарсы қуғын-сүргініне, діндарларға қиянат жасауына көз жұма қарап,неонацистерді Донбасста террорлық әрекеттерге итермелеген".

- Халыққа жанашырлық. "Ресей адамдардың өмірін қорғап жатыр. Және де Ресей украиндармен соғыспай, оларды өзгелердің кепіліне түскен жандар ретінде қарастырады", - дейді Путин. 

- Путиннің өзге бір сөзіне тоқталсақ,  Ресейді ұрыс даласында жеңу "мүмкін емес" . Сондықтан, Батыс РФ-ға қарсы агрессивті ақпараттық шабуылдар жасап жатыр.

- Батыстың пиғылы жайында.  "Батыс элиталары Ресейді стратегиялық жеңіліске ұшырату мақсатын жасырмайды. Бұл нені білдіреді? Біз үшін бұл не өзі? Олар жергілікті қақтығысты жаһандық қақтығысқа айналдыруды жоспарлап отыр. Біз мұны дәл солай түсінеміз. Және де  соған сәйкес әрекет етеміз. Себебі бұл жерде әңгіме еліміздің болашағы жайлы болып тұр", - дейді Путин.

- Путин "отанның" соғыста қаза тапқандарды мойындайтыны туралы ұзақ сөйлеп, "арнайы әскери операция" кезінде зардап шеккендерге көмектесу үшін арнайы қор құратынын жариялады.

- Украина Путиннің бұл сөздерін Ресейдің "тұйыққа тірелуі" деп сипаттаса, АҚШ Кремль басшысының Федералдық жиналыс алдындағы мәлімдемелерін "абсурд" деп атады.

Фото: Qazaqtimes.com