Бердібек Сапарбаев: Біздің негізгі ұстанымымыз - көпбалалы отбасыларды қолдау

08 Қаңтар, 2020 213 0

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев мұқтаждық санатына қарамастан, барлық балаға неге 21 мың теңгеден берілмейтінін түсіндірді.

«Барлық қазақстандық бір нәрсені ұмытпау керек. Бұл – атаулы әлеуметтік көмек. Ол нашар тұратын отбасылардың өзінің жағдайын жақсарту үшін мемлекет тарапынан уақытша беріледі. Бұл бір. Екіншіден, көптеген кездесуде жергілікті тұрғындардан өтініш болды: негізінен бұл көмекті көпбалалы отбасыларға беру туралы өтініш болды. Біздің негізгі ұстанған қағидатымыз – көпбалалы отбасыларды қолдау. Бес балаға қанша шығын, бір балаға қанша шығын кететінін барлығыңыз жақсы білесіздер. Ал барлығына 21 мың теңге төлеу деген дұрыс емес. Себебі, біріншіден, біз оған кететін қаржыны есептеуіміз керек. Ең негізгі мәселе – біз мұқтаж адамдарға көмек беруіміз керек», - деді Бердібек Сапарбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. 

Үкімет басшысының орынбасары Президенттің «масылдық пен мұқтаждықты ажырата білуіміз керек» деген сөзін еске салды. 

«Біздің ойымызша, соңғы кездесулер кезінде негізгі жерлерде мұны халықтың бәрі дұрыс қабылдады. Жалпы қазақстандықтарды жұмысқа үйретуіміз керек. Әркім өзінің отбасын өзі асырауы керек», - деді Бердібек Сапарбаев.


Тегтер: БердібекСапарбаев, көпбалалы, көмек

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.