«Челсидің» экс-футболшысы Түркияда өлі табылды
«Челсидің» экс-футболшысы Түркияда өлі табылды
Түркиялық "Хатайспор" командасының мүшесі, ганалық футболшы Кристиан Атсу жер сілкінісінен кейін үйінділер астында өлі табылды. Бұл туралы жартылай қорғаушының агенті Мурат Узунмехмет айтты, - деп Newsroom.kz хабарлайды Vesti.kz дереккөздеріне сілтеме жасап.
"Өкінішке қарай, Кристиан Атсу өлі табылды", - деді Узунмехмет Twitter-парақшасында.
31 жастағы Атсу былтырдан бері "Хатайспор" құрамында болған. Сонымен қатар, ол "Порту", "Риу Аве", "Челси", "Эвертон", "Борнмут", "Ньюкасл", "Витесс" және "Малагу" командасының құрамында ойнаған.
Фото: sozcu.com.tr