Күні кеше болған Түркиядағы жойқын жер сілкінісі қазақстандықтарды ойландырып қойғаны рас. Әсіресе сейсмикалық апатты жерде орналасқан алматылықтарды, деп Newsroom.kz жазады.
Оған қоса жыл басынан бері қайталанып жатқан жер сілкіністерінің орын алуы. Одан бөлек еліміздегі аймақтағы су тасқыны, сел, қар көшкіні, құрғақшылық секілді табиғи апаттар тағы бар. Экібастұздағы жылудың жыры, оңтүстік өңірдегі судың тасуы, былтырғы құрғақшылық сынды апаттарды еңсере алмай дал болғанымыз күні кеше.
Соңғы жылдардағы COVID-19 пандемиясы елімізді есіңгіретіп тастады. Енді міне Түркиядағы жер сілкінісі қара халықты қайғыға батырғандай. Барлығының санасында бір сұрақ! Біздің ел ондай апатқа дайын ба?
Әр түрлі қауіптердің пайда болуын анықтау және зерттеу жұмыстары қосымша инвестицияларды қажет етеді. Сондай-ақ, болашақта қайталануына дайындық немесе азайту жолдарын іздеуді жалғастыру қажет болады.
Түркияның қираған ғимараттарының 98 пайызы 1999 жылға дейін салынған екен. Күл талқан болған ғимараттар солар. Ал кейбірінің мұрты бұзылмапты. Себебі сондай зілзала болғаннан кейін олар, арнайы құрылыс жүргізуге кодексті қолға алыпты. Сөйтіп апатқа қарсы тұрар әдіс-амалын ойлап тауыпты. Соның өзінде, бүгінгі таңдағы құрбандардың саны 40 мыңнан асты.
Ал енді елімізге оралсақ, 2022 жылдың желтоқсан айының соңында жаңа жыл қарсаңында көптеген алматылықтар жер сілкінісін сезінді. Оның магнитудасы 6 балдан астам болды, ол Алматыдан Қытай мен Қырғызстан шекарасында 261 км жерде болды. 2023 жылғы 10 қаңтарда Алматыдан 25 км қашықтықта магнитудасы 4 балдан асатын жаңа жер сілкінісі болды. Бірақ мұның бәрі тек ескерту оқтары. Күшті соққы бере алатын үлкен апат бола қалса, елестету тіпті қорқынышты елге. Алматы тарихында 1887, 1889 және 1911 жылдары үш жойқын сейсмикалық соққы "құрдымға кеткендер қаласын" еске түсіретін жер сілкінісі болған. Бүгінгі таңдағы 2 миллионнан астам халық мекендеген Алматы тұрғындарының қаупі осы болып отыр.
Жапония әлемдегі апаттарға ең дайын елдердің бірі. Қазіргі заманғы ғимараттар өте қатаң стандарттар бойынша салынған, олар ең жойқын жер сілкіністерінен басқа кез-келген жер сілкінісіне төтеп бере алады. Барлық жапондықтар, балабақшадағы және балабақшадағы сәбилерден бастап, апаттар кезінде эвакуациялау бойынша нұсқаулықтан өтеді.
Ал біздегі ғимараттар соңғы 30 жылда санын арттырмаса, сапасы сын көтермейді. Ол жай күнгі желге ұшып жатқан шатырлар, жаңа біткен тұрғын-жайлардың үгітіліп жатқан қабырғаларын мысалға келтірсек болады.
Осы орайда еліміздегі Төтенше жағдай министрлігі жағдайға қатысты деректерін алға тартты. Төтенше жағдай министрлігінің 2021 жылғы 3 ақпандағы №54 бұйрығымен бекітілген жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарында, ел аумағында жер сілкіністерінің салдарын жою үшін тартылатын күштер мен құралдар топтамасын бекіткен. Онда "Алматыда жер сілкіністерінің салдарын жою үшін 13 223 адам және 1 851 бірлік техника, сондай-ақ 56 063 адам және 9 832 бірлік техника санындағы қосымша күштер мен құралдар топтастырылған, олар үш эшелонға бөлінген" деген.
Ең бастысы үрейге бой алдырмаған жөн. Және үнемі дайындық үстінде жүрген абзал. "Жаман айтпай жақсы жоқ" демекші, әртүрлі апаттарда әрбір адам өз бетінше аман қалудың әдісін ойластырған жөн.
Фото: inform.kz