Белгілі журналист Рыбакинаның иті болғысы келеді…
Белгілі журналист Рыбакинаның иті болғысы келеді…
Қазақстандық теннисші қаңғыбас иттер орталығына 10 тонна макарон алып берді – деп жазды танымал спорт журналисі Аслан Қаженов өзінің фейсбук парақшасында.
– Қазақстандық теннисші қаңғыбас иттер орталығына 10 тонна макарон алып берді. Отандық ақпарат құралдары қазір осыны жарыса жариялап жатыр. Жалпы, Елена Уимболдонды ұтқанда да, «табысымның бір бөлігін осындай ит-мысықтарға жұмсаймын» деп мәлімдеген еді. Соны нетіп жүрген түрі ғой. Жарайды. Ол – өз таңдауы.
– Енді мынаны қараңыз. Күні кеше, яғни, дәл осы Елена макарон сатып алып жатқан кезде Атырауда ит 8 жасар балаға шабуылдап, жансақтау бөлімінен бір-ақ шығарды. Бұдан басқа қаңғыбас иттерден зардап шеккен жағдайлар жиіледі. Адам өліміне әкелген деректер бар. Соған қарамастан, қыруар қаржы осыларды күтіп-баптауға жұмасалады. Тіпті, соңғы президенттік сайлау кезінде, үміткерлердің бірі осындай орталыққа барып, ит пен мысықтардың жағдайын білді. Оларға қаржылай қолдауды еселеп артттыру керектігін алға тартты🤦
– Нақты сандарға келер болсақ, 1 иттің күтімі айына 200-250 мың теңгеге шығады екен. Орталыққа барған әріптестеріміз қаңғыбас иттердің күнделікті небір еттерді, небір шұжықтарды және жануарларға арналған "сексуальный" тағамдарды жейтінін көрді және көрсетті. Бұған қоса, витаминдер береді, уақылы емдеп тұрады. Вообшым, анадай нені біз түгел, біздің балалар да нетпейді. Нетпегенде, нете алмаймыз. Ай сайын 250 мыңға ет алатын жағдай жоқ. Осындай кезде бәріне қолды бір сілтеп, Рыбакинаның иті болғым келіп кетеді...
Фото: А.Қаженов парақшасынан