Астанада сыра барының кәмелетке толмаған әкімшісі анықталды
Астанада сыра барының кәмелетке толмаған әкімшісі анықталды
Елордалық полиция қызметкерлері сыра барының кәмелетке толмаған әкімшісін анықтады, – деп Newsroom.kz хабарлайды Polisia.kz дереккөздеріне сүйене отырып.
Астана қаласы Есіл ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне А.Бөкейхан көшесіндегі үйдің тұрғынынан RoomsPub барында тыныштықты бұзып, түнгі уақытта қатты ән айтып, шулағаны туралы хабарлама келіп түсті. Полицейлер келгеннен кейін бұл факті расталды. Сонымен қатар, құжаттарды тексеру кезінде мекеме әкімшісі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім болып шықты. 17 жастағы жасөспірім Есіл ауданының полиция басқармасына жеткізіліп, әкесіне тапсырылды.
Жасөспірімнің әкесі кәмелетке толмаған баланың түнгі уақытта ойын-сауық мекемесінде заңды өкілінсіз болғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, мекеме иесі кәмелетке толмағанның түнгі уақытта заңды өкілінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемесінде болуына жол бергені үшін, сондай-ақ тыныштықты бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 132 (Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту) және 437-баптарына (Тыныштықты бұзу) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 ақпанынан 10 наурызға дейін елорда аумағында “қоғамдық қауіпсіздік” ЖАШ жүргізілуде. Оның аясында тәртіп сақшылары 9 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Фото: polisia.kz