Жаңалықтар

Су мен әуеде бірдей қозғалатын құрылғы ойлап табылды

Су мен әуеде бірдей қозғалатын құрылғы ойлап табылды

Шағын ұшу аспабы су мен ауа арасында еркін ұша береді. Жақында Қытайдағы «TJ-FlyingFish» (Тунцзи ұшқыр балығы) деп аталатын су мен ауаны бірдей шарлайтын аспап туралы «New Scientist» және Солтүстік Америкадағы «New Atlas» сияқты халықаралық ғылыми-техникалық журналы жарыса хабарлады. Бұл туралы Newsroom.kz тілішісі Kaz.People.CN дереккөздеріне сүйене отырыр жазады.

«Тунцзи ұшқыр балығын» Шанхайдағы Тунцзи университетінің автономды интеллектуалды ұшқышсыз жүйе ғылыми орталығы, Ұлттық негізгі зертхана және Сянган Қытай тілі университетінің командасы бірлесіп әзірледі.

Бұл 1,63 кг су мен құрлықта тең ұша беретін ұшақтың жаңа түрі. Құрылғы ауада 6 минут аялдаса, су астында шамамен 40 минут жүре алады. 

Фото: Kaz.People.CN