Алматыда 15 жастағы бозбала адам өлтірді деген күдікке ілікті

05 Қаңтар, 2020 279 0

Алматыда адам өлтірді деген күдікпен 15 жастағы жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 2019 жылы 30 желтоқсан күні кешкі сағат 17:10-18:00-дер аралығында 6-шағын аудандағы №3 үйдің жанында болған.

Әкесінің өлімі туралы алматылық Руслан Ақмаев Facebook-тегі парақшасында жазды.

Сондай-ақ ол оқиға куәгері болған «ГАЗель» автокөлігінің жүргізушісін іздейді.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 15 жастағы күдіктінің тергеу изоляторына қамалған.

«Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кәмелетке толмағандар үшін көлік құралын жүргізу фактісі бойынша жеке әкімшілік іс қозғалды», - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.



Тегтер: Алматы, өлім, күдікті

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.