Шымкенттік азамат үйінде есірткі өсірген
Шымкенттік азамат үйінде есірткі өсірген
Өз үйінде есірткі өсірген шымкенттік анықталып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Oinet.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
4 мамырда Еңбекші ауданында Шымкент қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шараларын жүргізу барысында 53 жастағы жергілікті тұрғынның үйінде құрамында есірткі заты бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру фактісін анықтады.
Үй ауласын тінту барысында есірткі құрамдас өсімдіктерді өсіретін құмыралар табылды. Сараптама нәтижесі бойынша алынған өсімдіктер есірткі заттарына жататындығы расталды. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен (құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.