weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
20 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Шымкенттік азамат үйінде есірткі өсірген

Шымкенттік азамат үйінде есірткі өсірген

Шымкенттік азамат үйінде есірткі өсірген
ашық дереккөзі
Өз үйінде есірткі өсірген шымкенттік анықталып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Oinet.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.  4 мамырда Еңбекші ауданында Шымкент қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шараларын жүргізу барысында 53 жастағы жергілікті тұрғынның үйінде құрамында есірткі заты бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру фактісін анықтады. Үй ауласын тінту барысында есірткі құрамдас өсімдіктерді өсіретін құмыралар табылды. Сараптама нәтижесі бойынша алынған өсімдіктер есірткі заттарына жататындығы расталды.  Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен (құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.