41 мыңнан асты: Түркия мен Сириядағы құрбандар саны артып барады
41 мыңнан асты: Түркия мен Сириядағы құрбандар саны артып барады
Түркия мен Сирияда болған үлкен жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 41 000-нан асты, деп Newsroom.kz хабарлайды.
Түркия билігі елде 35 418 адам апатты сейсмикалық оқиғаның құрбаны болғанын айтты. Сирия үкіметі мен БҰҰ мәліметтері бойынша Сирияда 5800-ден астам адам қайтыс болды.
Құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыруда. Түркияның Кахраманмараш қаласында алғашқы жер сілкінісінен 220 сағаттан астам уақыт өткен соң кем дегенде екі әйел тірі табылды.
ДДҰ Түркиядағы жер сілкіністерін ғасырдағы ең сұмдық табиғи апат деп атады.
Фото: SIPA/Shutterstock