weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
20 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Танымал әнші Алтынай Жорабаева екінші рет тұрмыс құрмақшы

Танымал әнші Алтынай Жорабаева екінші рет тұрмыс құрмақшы

Танымал әнші Алтынай Жорабаева екінші рет тұрмыс құрмақшы
ашық дереккөзі
Бұл туралы эстрада жұлдызы өзінің Instagram парақшасына ақ раушан гүлдерімен бейтаныс ер азаматпен бірге түскен суретін жүктеп қойған деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі. Төрт қыздың анасы, елінің сұлу да, сымбатты әншісі Алтынай Жорабаеваға бұған дейін әзілкеш Сәбит Әбдіхалықовтың жары болған. Ол жеке өмірі туралы жасырын ұстауға барынша тырысып келген. "Жалғыздық құдайға ғана жарасқан. Рамазан айында керемет жаңалығым бар. Адамның емес, алланың қалауы болады. Маған және төрт қызғалдағыма қорған, қамқоршы болатын бағбан берген Аллаға сансыз шүкір. Әрине мен әуелі ата-анамның ақ батасын, қыздарымның келісімін алдым. Енді осы қадамыма сіздердің, аяулы оқырмандарымның да ақ тілегін алсам деймін. Бақытты адам басқа да бақыт тілейді. Ертең алла қаласа тағы жаңалығым бар" , - деп жазып, желі қолданушыларын одан бетер қызықтыра түскен. Отбасын құрған әншіге желі қолданушылар ақ тілектерін жарыса жазуда. Тағы бір жаңалығы қандай екенін білмей дал болуда Алтынай Жорабаева мен Сәбит Әбдіхалықов төрт қызды тәрбиелеп, үлгілі отбасының бірі болған. Екеуі ажырасып кеткен соң, былтыр Сәбит Әбдіхалықов өзінен 16 жас кіші актриса Динара Абдуллинаға үйленген болатын.