Қазақстандық мұғалімдер арнайы курстан өтеді
Қазақстандық мұғалімдер арнайы курстан өтеді
Мұғалімдер арнайы курстардың көмегімен ІТ саласындағы білімін жетілдіреді, болашақ педагогтер де университетте қашықтан оқыту технологияларын меңгереді
Қазақстан мұғалімдері қашықтан оқыту технологияларын меңгереді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Sputnik.kz порталына сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, компьютерді қосып, "Күнделік" толтыру, Zoom-ға шығу жеткіліксіз. Мұғалімдер оқушылар мен студенттерді қашықтан қалай оқыту керек екенін білуі керек. Сондықтан олар біліктілікті арттыру курсынан өтеді.
"Біз ІТ саласы, оқыту әдістемесі, қашықтан оқыту жүйесі арқылы қалай жұмыс істеу, тапсырманы қалай беру керек – осылар туралы айтып отырмыз. Мұның бәрі арнайы курста қамтылған. Әріптестеріміз біліктілікті арттыру аясында осыларды меңгереді", - деді Аймағамбетов Zoom платформасында өткен брифингте.