Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
20 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Кешью» тобының бұрынғы мүшесі ұлды болды

"Кешью" тобының бұрынғы мүшесі ұлды болды

«Кешью» тобының бұрынғы мүшесі ұлды болды
ашық дереккөзі
"Кешью" тобының бұрынғы мүшесі, әнші Элизат Берікова ұлды болды. Жұлдызды жанұя тағы бір сәбимен толықты. Өнер иесі жұбайына тағы да ұл сыйлады деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі. Бұл қуанышты жаңалықты әнші өзінің Instagram парақшасында оқырмандардан сүйінші сұрап, жариялапты. "Рамазан айында дүниеге келген Рамазан! 20.05.2020. Адамнан адам шығу оңай емес! Құттықтап қойсаңыздар болады!"- деп жазады жас ана. Желі қолданушылары ақ тілектерін қарша боратыпты. "Қасиетті Рамазан айында, Қадір түнінде дниеге келіпті!", "Бауы берік болсын!", "Шын жүректен құттықтаймын!" деп тілек қалдырыпты. Еске сала кетсек, әнші топтан кеткен соң, тұрмысқа шыққан болатын. Былтыр Батырхан есімді ұлын дүниеге әкелген болатын.