Жаңалықтар

Нұрбек Бекбау: "Түркияға киіз үй апару үшін бюджеттен бір тиын алмадық" (Видео)

Нұрбек Бекбау: "Түркияға киіз үй апару үшін бюджеттен бір тиын алмадық" (Видео)

6 ақпанда жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Түркияның Қахраманмараш қаласына елімізден алғашқы жүз шақты киіз үйлер жеткізілуде және тігіле бастаған. Бұл туралы newsroom.kz  порталының тілшісі журналист, блогер Нұрбек Бекбауға хабарласып сұхбаттасты.

[embed]https://youtu.be/UJOD0XMoVR4[/embed]

-Нұрбек мырза жеткізілген киіз үйлерге қанша адам сыяды?

-Біз дәл қазір Қахраманмараш қаласынан Адана қаласына келе жатырмыз. Түркия уақытымен 13:00де 84 киіз үй мен 61 жылыту генераторы, одан бөлек көрпе-төсек, жастық, дәрі-дәрмек т.б дүниелер бар. Біздің киіз үйлер алты, сегіз, он екі қанатты үйлер. Ол дегеніміз бір және екі бөлмелі үйлермен шамалас. Былайғы күнде бір, отбасы сыятын үйге, 20 адам еркін сыяды. Өзіміз алдын ала алып келген үйлерді тігіп, эксперимент жасап көрдік. Үшінші түн ұйықтап тұрдық. Аптап суық. Жылыту генераторлары негізгі жүкпен келе жатқандықтан, плиталармен жылыттық. Киіз үйдің палаткадан әлдеқайда жақсы екеніне көзіміз жетті. Біріншіден киіз үйде анағұрлым жылы. Ал палаткада жылу ұстап тұру шамалы. Әрі палаткада ауа шығып кетпейді. Ал киіз үйдің түндіктен жаман ауа төбеден шығып кетеді. Киіз үйде ұзақ уақытқа тұруға мүмкін екендігіне тағы да көзіміз жетті. Ал палаткада максимум он күн тұруға болады. Түрік ағайындылар тағы да мыңға жуығын әкелсеңіздер деген өтініш білдіріп отыр. Себебі он миллиондаған адам баспанасыз қалып отыр. Сондықтан оларға үй соғып бергенше, киіз үйлерде күнелте тұрса деген ұсынысын айтты биліктегілер. Осылайша әзірге әкелген киіз үйлерге жиырма адамнан толтырсақ, 2-2,5 мың адам қиын-қыстау кезінде күнелтуге мүмкіндік алады. Және қырғыз бауырларымыз 160-дай киіз қырғыз мемлекетінің басшысының тапсырмасымен әкеліпті. Біз бес-алты жігіттің күшімен жақсылық жасау үшін әкелдік. Мемлекеттен, бюджеттен бир тиын алмай жасадық.

-Есітіп-көрген басқа. Зілзаланың зардабын көзбен көргенде қандай әсерде болдыңыз?

-Суреттерде көргенде қатты әсер алып, әлеуметтік желілерде жарияладым. Осы ойымды Арман Шораев ағамыз қолдап, киіз үй апаруды қолға алдық. Келген күні жылаумен болдым. Түнде кіріп келгенде Қахраманмараш қаласы жоқ. Үгілітіліп, сөгіліп кеткен. Ертеңіне үйінділердің астында кішкентай балалардың қолы, өлі денелер, былайша сұмдық көріністер! Құтқарушылар үйінділердің астынан өліктерді шығара беріп шаршап кеткен. Сонда да тірі қалғандар табылып қалар деген үмітпен қайта қазады. Бір таңқаларлығы апаттан 9 күн өткенде дәл осы Қахраманмараштан бір тірі адам табылды. Таң қаласың! 9 күн адам аш күйінде тірі қалғанына. Әр сағат сайын сондай таңғажайыптар орын алуда. Бір жағынан иманыңды үйіріп алатын ғажайыптар болып жатыр. Қиын, бірақ елге көмектесуге келгендіктен қиналып жатқан жоқпыз.

 width=

-Сапардағы қиыншлықтар?

-Түк емес. Ешқандай қиындық жоқ. Былайғы бейбіт өмірдегі шаштың 7-8 күн жуылмауы сияқты нәрселер бұл проблема емес.

-Киіз үй сияқты өзге де тұрғын-жайлар бар ма?

Катардан он мыңға жуық жағдайы жасалған вагондар жеткізіледі деп айтты. Әзірген әкелген-әкелмегенін білмедік. Қазақ-қырғыз киіз үймен қамтамасыз етудеміз. Алдағы уақытта мыңға жуық киіз үйді әкелуді көздеп отырмыз. Жер сілкінгеннен кейін күн суып кеткен. Жалпы жаныңды ауыртатыныны он провинцияның қалаларының қирауы. Әр қаланың өз мақтанышы бар. Адана донерімен, Газиантеп пахлаваның, Қахраманмараш болса, балмұздақты ойнатып тұрып сататын қала. Міне осындай тарихи қалалардың ойран болуы жүрекке ауыр тиеді екен.

-Шаршамаңыз, талмаңыз! Сұхбатыңызға рахмет! Елге аман- есен оралыңыз!