Жаңалықтар

Алматылықтардың назарына!

Алматылықтардың назарына!

Алматы қаласында лай көшкіні жүру қаупі бар.  Бұл туралы қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл туралы  NewsRoom+ тілшісі  Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.

Өткен тәулікте жаңбыр жаууына байланысты және "Қазгидромет" РМК дабылды ескерту негізінде 19-22 мамыр аралағында Алматының таулы аймақтарында лай көшкіні жүруі мүмкін, - делінген хабарламада. Алматы қаласы Төтенше жағдай департаменті қала тұрғындарына сақ болуға керегін ескертті. Осыған байланысты қаланың таулы бөлігінде тұратын тұрғындар сумен жабдықтау желілері мен септикалық резервуарларды пайдалану кезінде сақ болу қажет. Сумен жабдықтау желілері бұзылған жағдайда қондырғыны сөндіріңіз. Лай көшкіні жүруі мүмкін аумақта қазба және басқа жұмыстарды жүргізбеуге кеңес береміз, - делінген хабарламада.