Түркиядағы зілзаладан 9 күн өткеннен кейін екі бала құтқарылды
Түркиядағы зілзаладан 9 күн өткеннен кейін екі бала құтқарылды
Түркиядағы з-жер сілкінісінен кейін 198 сағаттан кейін тағы екі адам құтқарылды. Бұл туралы бүгін Түркияның TRT Haber телеарнасы хабарлады, деп Newsroom.kz жазады.
"Тоғызыншы күні келетін ғажайыптар. 198 сағаттан кейін Кахраманмарашта үйінділердіғ астынан тағы екі адам құтқарылды. Құтқарушылар алдымен 17 жастағы Мұхаммед Энес Реннарға, содан кейін оның үлкен ағасы 21 жастағы Баки Реннарға көмектескен деп хабарлайды телеарна.
Зардап шеккен ағайындылар жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.
Бұған дейін Хатай провинциясындағы 13 жасар жасөспірім жер сілкінісінен 182 сағат өткен соң дін аман табылған болатын. Қазіргі уақытта жасөспірімнің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Фото: REUTERS