Мас жүргізуші полицейді 200 метрге айдап әкетті (Видео)
Мас жүргізуші полицейді 200 метрге айдап әкетті (Видео)
Теміртауда мас жүргізуші полицейді 200 метрге сүйреп әкетті, – деп Newsroom.kz хабарлайды Polisia.kz дереккөздеріне сүйене отырып.
11 ақпан күні түнгі сағат 00.35 шамасында Теміртау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Бейбітшілік даңғылының бойында 31 жастағы азаматтың басқаруындағы автокөлікті тоқтатқан. Полиция қызметкерлерінің көліктің құжаттарын беру талабына жүргізуші құжаттардың жоқтығын айтқан. Әңгіме барысында тәртіп сақшылары одан ішімдіктің иісін сезіп, көліктен түсуін талап еткен.
Сол мезетте жүргізуші көліктің есігін жаппай, оқиға орынынан қашпақшы болған. Тәртіп сақшысы көлік салонына мініп үлгерген, бірақ аяғы сыртта қалып қойған. Жүргізуші оны 200 метрге сүйреп әкетіп, тоқтаған.
[embed]https://youtu.be/xEKzTylLoUE[/embed]Полиция қызметкерлері жүргізушіні сыртқа алып шығып, қоян-қолтық әдісімен жерге жатқызды. Кейін жүргізуші наркология орталығына жеткізіліп, оның орта дәрежеде ішімдік ішкен күйде болғаны анықталды.
Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608, 613 және 667-бабына сәйкес хаттамалар толтырылды. Соттың шешімімен 31 жастағы азамат құқық бұзғаны үшін 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылды.
Фото: Polisia.kz