Канадада қазақстандық студент көз жұмды

25 Желтоқсан, 2019 377 0

Канаданың Сентенниал колледжінде білім алып жатқан қазақстандық студент жол апатынан мерт болды, деп хабарлайды Сыртқы Істер министрлігі.

«Торонто қаласы полициясының ақпаратына сәйкес, 22 желтоқсан күні кешкісін Торонто қаласының Скарборо ауданында жүргізуші көлігін басқара алмай қалып, жаяу жүргінші жолында кетіп бара жатқан үш студентті қағып кеткен. Екі студент қаза тапты, біреуінің жағдайы өте ауыр. Полиция ақпаратына сәйкес, қаза тапқан студенттің бірі Қазақстан азаматы, Сентанниал колледжінің білім алушысы», - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Қазірде оқыс оқиға бақылауға алынған. Консульдық қаза тапқан азаматтың туыстарымен және жергілікті полициямен байланысып отыр.

    

Тегтер: Канада, полиция, консул

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.