Шымкенттегі әуежай аумағында 485 көлікке арналған автотұрақ салынуда
Шымкенттегі әуежай аумағында 485 көлікке арналған автотұрақ салынуда
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әуежай аумағын абаттандыруға арналған жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Жоба бойынша жалпы 5 гектар аумақты абаттандыру қарастырылған. Онда жер қазу, абаттандыру, асфальт төсеу, жарықтандыру, автотұрақ салу, аялдамалар салу жұмыстары жүргізіледі.
Жоба бойынша атқарылатын әр жұмысты мұхият тыңдаған қала басшысы өзінің ұсыныстарын енгізіп, мекеме басшылығына бірқатар міндет жүктеді.
Халықаралық әуежай аумағында салынып жатқан жаңа жолаушылар терминалының аумағын абаттандыру жобасы бойынша жаңа терминал маңында 485 көлікке арналған автотұрақ салу жұмыстары басталды. Қазіргі таңда жер қазу жұмыстары жүргізілуде. Нысан басында 12 техника жұмылдырылған.
Жобаны іске асыру барысында 485 көлікке арналған автотұрақ оның ішінде 8 мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған орын, автобустарға бөлінген жол, 9 қызметтік автотұрақ, екі соңғы автобустарға тұрақ салынады. Сонымен қатар, екі ақылды аялдама, ұзақ уақыт тұрақтарға арналған 4 дана қалқа, асфальтобетонды жолдың жүру бөлігін төсеу, жаяу жүргіншілер жолдарын гранит плиткаларымен қаптау, 14277 шаршы метр жерге газон төсеу және сегіз қоқыс жәшігі мен сегіз орындық орнатылатын болады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі