Жаңалықтар

Жер ішіндегі жүгін шығар: Алматыда неше рет жер сілкінген?

Жер ішіндегі жүгін шығар: Алматыда неше рет жер сілкінген?

Апат айтып келмейді. Адамзат қаншама ғылыми жетістіктерге жеткенімен, табиғи апатқа қарсы тұра алмауда. Оған дүниежүзі бойынша орын алып жатқан түрлі табиғи апаттарды мысалға алсақ болады, деп Newsroom.kz тілшісі жазады.

Күні кешегі Түркиядағы орын алған зілзаланы болдырмаудың немесе алдын алудың мүмкіндігі бар ма деген сұрақтар әрқайсымыздың санамызда тұрғаны анық.

Сейсмология ғылымының мамандары жерсілкіну қай аймақта болатынын болжағанымен, оның қашан және күші қандай болатынын әзірше анықтай алмауда.

Еліміздің ең қауіпті аймағына Алматы қаласы орналасқан өңір жатады екен.

Тарихқа жүгінсек, ең алғашы жойқын жер сілкінісі 1887 жылы орын алып, 236 адамның өмірі қиылды. Бұдан кейін екі жыл өткен соң, 1889 жылы тағы қайталанған. Ал 1910 жылы 22 желтоқсанында 9 баллдық жер сілкінісі болып, 44 адам қаза тауып,  мыңдаған ғимараттар қираған.

Қазіргі таңда зәулім ғимараттар қаптап салынуда. Құрылыс аяқталғанына жыл өтпей, желге шатырлары ұшып, қабырғалары айырылып жатқанын көріп, естіп жүрміз. Ал енді оның зілзала бола қалған жағдайда қанша баллға шыдап беруі күмәнді.

Мәлеметтерге сүйенсек, соңғы жылдары сейсмология ғылымының мамандарының дерегінше, 40 мың жер сілкінуі тіркелген екен. 2018 жылы - 8500,  2019 жылы - 7800, 2020жылы - 9500, ал 2021жылы - 6700 рет болса, 2022 жылы- 6900 рет жер сілкінуі тіркеліпті. Соның ішінде 66 рет жердің сілкінуін адамдар сезген екен. Сандарды көріп шошисың. Бірін сезіп, бірін сезбейміз.

Сондықтан анау-мынау апат бола қалса, жаратушыдан басымызға амандық тілеуден басқа шара жоқ! Ал салынып жатқан ғимараттардың сапасына құрылыс компанияларының ар-ожданына тапсыруға тура келеді. Сейсмолог мамандардың зерттеулері туралы хақ дінімізде жазылыпты. Бұл туралы Зілзала аятында айтылған.

«Жер қатты сілкіндіріліп қозғалған сәтте», "Жер ішіндегі жүгін шығарған кезде"  Әз-Зилзәлә сүресі 1-2 аят. Осы орайда Алладан келген нәубетке адамның қарсы тұрар шамасы жоқ екеніне көз жетеді. Сондықтан да әртүрлі табиғи апаттың алдын алу мүмкін емес. Оны болжағанмен болдырмау адамның қолынан келмесі анық.

Фото: BBC.com