Тұрмыстық тирандардан қалай құтылуға болады?
Тұрмыстық тирандардан қалай құтылуға болады?
Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық өткір мәселелердің бірі болып тұр. Оны естіп те көріп те жүргеніміз жасырын емес. Отбасы-ошақ қасындағы дау-дамайдың соңы небір қайғылы оқиғаларға ұласып жатыр, деп Newsroom.kz жазады.
Адам өмірінен қымбат ештеңе жоқ. Оны миына сіңіріп өсірген адам қаскөйлердің ісін істемесі анық. Алайда кейбір отбасылық ұрыстардың әлеуметтік желілерде жарияланғанын көріп, жағаңды ұстайсың. Сондай зұлымдар бірге өмір сүріп жатқан заман азған ба? Әлде адам ба?
Ішкі істер министрлігінің ұйымдастаруымен өткен форумда отбасылық зорлық-зомбылықтан жәберленушілердің арызы бес есеге өсіпті. 2019 жылы полицияға 49 мың арызданса, 2022 жылы 120 мыңға көбейіпті.
Соның ішінде жәбірленушілердің 60 пайызы арызын қайтып алғандықтан, тұрмыстық тирандар жазадан сытылып кеткен.
"Адамды азаптауға, ұрып-соғуға, жақын адамдарын өлтіруге не түрткі болатынының түпкі себептерін анықтамайынша, оның шешімін не заңнамалық, не ұйымдастырушылық шаралар қамтамасыз ете алмайды... Өскелең ұрпақтың психологиялық саулығын қамтамасыз ету – бүкіл ұлт денсаулығының стратегиялық маңызды факторы. Осыған ерекше мән беріп, ұрпақ тәрбиесін, олардың бойына белгілі бір құндылықтарды сіңіріп, тектілікке тәрбиелеуді тұтас, жұмыс істейтін ұғымға айналдыруымыз керек, - дейді Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева.
Ия отбасылық зорлық-зомбылық айықпас дертке айналғаны қашан. Қаншама шара қолданып, заңды күшейткенімен оны болдырмау қолдан келер емес. Отбасы адам өміріндегі ең маңызды институт. Ондағы тәрбие-тәлім, құндылықтарды сақтап, қоғамға қосар үлес көп екенін әрбір жан түсінгені абзал.
Фото: https://vybor.news/