Үй жағдайында 5 кеңес: ерін күтімі
Үй жағдайында 5 кеңес: ерін күтімі
Әдетте ай сайын бьюти салонға барып, ем қабылдайтын арулар карантинде өз бетімен күтініп жатқан болар. Кейбірі халық емімен, кейбірі дәрумен ішіп дегендей. Ал біз ұсынғалы отырған кеңеспен ерін күтімін қанағаттандырсаңыз болады.
Ерінді жаламаңыз
Ерін терісі тым сезімтал әрі жұқа болғандықтан, желге де, суға да, ыстыққа да шыдамайды. Кейбір қыздар күйзеліске түскенде ерінін жалайды. Кейбірінде әдет болғаны соншалық, ерні үнемі жарылып жүреді. Егер бұл әдетті тыя алмасаңыз, ерінді ылғалдандыратын далап, бальзам жағуды да әдетке айналдырыңыз.
Көзге арналған крем пайдаланыңыз
Адам денесінде ерін терісінде жұқа тері тағы қай жерде деп ойлайсыз? Көздің айналасында. Егер қолыңызда ерінге арналған бальзам не далап болмаса, оны қабаққа арналған крем алмастыра алады. Ол да ерінде ылғалдандырып, баланс ұстап тұрады.
Құрамын оқыңыз
Бьюти эксперттер ерінге арналған бальзам құрамында болмауы тиіс компоненттер туралы жиі ескертеді. Олар:
– Mineral Oil
– Paraffinum Liquidum
– Petrolatum
– Synthetic Wax
Бальзам таңдағанда құрамынан мына компонеттерді көрсеңіз, сатып алмаңыз. Минералды май деген табиғи болады емес пе дейсіз бе? Ол пайдалы, бірақ ерін күтіміне арналмаған. Оның орнына балауыз немесе кез келген өсімдік майы болғаны дұрыс.
Маска жасаңыз
Жиі жарылатын ерінге ерекше күтім керек. Ерін ағзада су жетіспегендіктен жарылады. Оның алдын алу үшін ерінге арналған құнарландыратын маска дайындаңыз. Маска жақпас бұрын скрабпен массаж жасап алу керегін ұмытпаңыз. Ендеше, скраб пен маска құрамы.
Коллаген керек
Ағзадағы су жетіспеуі ерін жарылаудағы тек бір ғана себеп. Бірақ біз елей бермейтін екінші себеп бар. Бұл – коллаген. Коллаген капсуласы, сорпасын ішіп, ерінді аз-кем коллагенмен «қоректендіріп» отыр керек.