Қазақстанда ет өндеу саласы неге артта қалуда?
Қазақстанда ет өндеу саласы неге артта қалуда?
2022 жылы қазақстандық ет экспортының көлемі жалғыз шұжық импортымен шамалас болды, деп Newsroom.kz хабарлайды Energyprom.kz дереккөздеріне сүйене отырып.
Былтырғы қаңтар–қарашада Қазақстаннан басқа елдерге барлық түрдегі балғын, салқындатылған немесе мұздатылған ет экспорты 38,6 мың тоннаны құрады. Бұл толық 2021 жылмен салыстырғанда 6,5% және «коронадағдарыс» алдындағы 2019 жылмен салыстырғанда қарағанда бірден 66,9% көп. Сонымен қатар, ет импорты 144,5 мың тоннаны құрады (соның ішінде 88%-ы құс еті), бірақ бұл 2021 жылдан бірден 45,7% аз.
Ескерту: соңғы екі жылда ет экспорты тұрақты өсіп, импорт азайып келе жатқанымен, Қазақстан әлі де сыртқа сатқаннан сатып алғаны төрт есе көп. Ал құс шаруашылығы мұнда проблемалық сала болып қалып отыр.
Ет өнімдерінде жағдай одан да қиын. Бұл салада Қазақстаннан экспорт аз. Мәселен, республика 11 айда сыртқы нарыққа барлығы 149 тонна шұжық шығарса, импорт 39,1 мың тонна, яғни экспорттан 262 есе көп. Бұл мардымсыз экспортты толық 2021 жылдың көрсеткіштерімен салыстыратын болсақ, оның көбейгенін көруге болады. Алайда 2019 жылмен салыстырғанда бірден 63,4% азайған. Осындай болмашы ғана экспорт көлемінің азайғаны да, көбейгені де соншалықты маңызды емес.
Іс жүзінде 2022 жылы қазақстандық ет экспортының көлемі жалғыз шұжық өнімдері импортымен шамалас болды.
Отандық ет өңдеу зауыттарының қуаттылығының төмендігінен импорттаушылардың қосылған жоғары өңделген өнімдерді испорттауы Қазақстандағы ресурстардың тепе-теңдігінің қандай екенін көрсетеді.
2022 жылдың қаңтар–қараша айларындағы диаграммада отандық шаруалар халықтың қандай етке сұранысын қаншалықты қамтитынын көрсетеді. Мысалы, қой — 100%-ға, сиыр еті — 98,6%-ға, жылқы еті — 97,5%-ға, шошқа еті — 90,3%-ға, құс еті 67,4%-ға (импорт — 32,6%) қамтамасыз етеді. Консервінің 37,9%-ы, шұжық өнімдерінің 39,7%-ы импорт.
Қазақстанда ет кластерінің қалай дамып жатқанын өндіріс статистикасынан да көруге болады. Соңғы екі жылда елдегі ет өндірісі жалпы оң динамика көрсетті. 2021 жылы ірі қара, қой, шошқа және жылқы етінің өндірісі 8,1% (311,3 мың тоннадан 336,5 мың тоннаға), ал 2022 жылы — 3,9% өсті. Тауық және басқа да құс етін өндіру 2021 жылы 9,7% (100,5 мыңнан 110,3 мың тоннаға), өткен жылы 4,2% өсті.
Етті өңдеуде жағдай басқаша: өндіріс динамикасы тұрақсыз. 2021 жылы ет және ет-көкөніс консервілері бойынша өндіріс көрсеткіштері екі санат бойынша да 27%-дан астамға төмендеді. Өткен жылы өсім оң болғанымен (тиісінше 5,5% және 24,7%) 2021 жылдағы құлдырауды әлі өтей алмады.
ҚР-да шұжық өнімдері жеткіліксіз өндірілсе де, өнім шығару динамикасы тұрақты: көлемі 2021 жылы аздап өсті (3,4%) және 2022 жылы өсуді жалғастырды (8,3%).
Қазақстанда ет өңдеу өнеркәсібінің баяу дамып келе жатқан себептерінің бірі – бәсекеге қабілетті ірі өңдеу кешендерін салу үшін шаруалардың инвестиция салмауы. Шетелдік инвесторлар өз кезегінде тұрақсыздыққа байланысты қазақстандық жобаларға инвестиция салуға асықпайды. Бұл пікірді ҚР Ет одағының бас директоры Мақсұт Бақтыбаев та айтады. Бұл туралы ол McDonald's Қазақстаннан шығып кеткен соң жазды. Елімізде жарияланған жоғары халықаралық стандарттағы бургер етін шығаратын ет комбинаттары жоқ екені белгілі болды. Мұндай кәсіпорынды итальяндық Cremonini компаниясы 2020 жылы іске қосуы керек еді, 2016 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі меморандум жасасқан. Бірақ тиісті министрлік басшылығы, Бақтыбаевтың айтуынша, «даму векторын екі рет өзгерткен», сондықтан инвестор жобаны қысқартып, кетіп қалған.
Бұл жалғыз мысал емес. Ет магнаты австралиялық Cedar Meat компаниясы Қазақстандағы инвестициялық жобасын соңына жеткізген жоқ. 2018 жылы Өскеменге Altay Invest — 2018 инвестициялық форумында Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында ет өңдеу кешенін салу туралы келісімге қол қойған компания өкілі Эндрю Фернихофф келді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жоба әлі де әзірленіп жатыр.
Сол инвестициялық форумда ет кластеріне Біріккен Араб Әмірліктерінен ірі инвестор келгені айтылды. Король әулетінің өкілі Халифа бен Халид Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданында күркетауық етін өндіретін агроферма құрылысына 45 млн АӨҚШ доллар инвестиция салмақ болған. Бір жылдан кейін инвестордың ойын өзгерткені белгілі болды.
Фото: birmiss.com