Гүлзира Айдарбекова ұлының ажырасып кеткенін растады
Гүлзира Айдарбекова ұлының ажырасып кеткенін растады
Продюсер Гүлзира Айдарбекова кенже ұлы мен келінінің ажырасып кеткенін растады, деп Newsroom.kz хабарлайды exk.kz дереккөздеріне сүйене отырып.
Ол Instagram желісінде тікелей эфирде отырғанда оқырмандар кіші ұлы Заңғар мен Жібекке қатысты сұрақты көп қойған. Шыдамы таусылған Гүлзира Айдарбекова ашумен жауап берді.
Неге бәріңіз қоймайсыздар? Заңғар мен Жібек ажырасты. Менің түк қатысым жоқ. Дәм-тұздары жараспады. Заңғар да жақсы, Жібек те жақсы. Үйленгенімен, бірге тұра алмады, — деді Гүлзира Айдарбекова.
Продюсердің кенже ұлы Заңғар Нұртас пен Жібек Қайратқызы былтыр көктемде отау құрған болатын. Бірақ уақыт өте келе олардың ажырасып кеткені туралы айтыла бастады.
Оның алдында үлкен ұлы Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімоваға қатысты осындай жағдай бірнеше рет болған еді.
Фото: stan.kz