Жаңалықтар

Сұмдық! 87 және 55 жастағы екі кісіні пышақтап өлтірген

Сұмдық! 87 және 55 жастағы екі кісіні пышақтап өлтірген

Ақмола полицейлері екі адамды өлтіру ісін тергеп жатыр, – деп Newsroom.kz хабарлайды Polisia.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

8 ақпан күні сағат 18:00 шамасында Көкшетау қаласындағы жатақханалардың бірінде болған оқиғадан кейін ер адам стационарлық полиция бекетіне келіп, ауыр қылмыс жасағанын мойындаған.

Екі адамды өлтіру фактісі бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Материалдарды алғашқы жинау барысында күдікті мен оның екі танысы, 87 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйелдің ішімдік ішкендері анықталды. Отырыс барысында ерлер арасында жанжал туындап, нәтижесінде күдікті егде жастағы ер адамға, содан кейін әйелге бірнеше рет пышақ салған. Кейін, қылмыс құралынан құтылып, күдіктінің өзі “102” арнайы желісіне қоңырау шалып, жақын маңдағы постқа келген.

Сотқа дейінгі тергеу аясында полицейлер күдіктінің осыған ұқсас қылмысы үшін бұрын істі болғанын анықтады. 2008 жылы адам өлтіргені үшін ол 8 жылға бас бостандығынан айырылған, ал босатылғаннан кейін Ақмола облысы мен Көкшетау қаласының аумағында тұрақтаған.

Тергеу кезеңінде жәбірленуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Фото: Polisia.kz