«Ашық жұмыс істейміз» деген партияға кірдім – Дидар Смағұлов
«Ашық жұмыс істейміз» деген партияға кірдім – Дидар Смағұлов
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «AMANAT» партиясының мүшесі, «Әділдік жолы» үкіметтік емес ұйымының атқарушы директоры Дидар Смағұлов тележүргізуші Нұрсұлтан Құрманға сұхбат берді, деп Newsroom.kz хабарлайды.
Қарағанды қаласының тумасы оқуын тәмамдағаннан кейін еңбек жолын сыбайлас жемқорлықпен күрес ісінен бастаған. 2020 жылдың 20 қарашасы күні «Әділдік жолы» үкіметтік емес ұйымы тіркелген. Дидар Смағұлов ұйымның атқарушы директор лауазымына 2021 жылдың мамыр айынан бастап кірісті.
Қазір еліміздің 20 облысында ұйымның өкілдері бар, филиалдары тіркелген. Басты мақсат – Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру.
«Мен мемлекеттік қызметте болып, жоғары лауазымдарды атқарсам да ешбір партияға мүше болған емеспін. Шыны керек, ұсыныстар болған. Бірақ өз ойым, өз пікірім болды. Ал қазір «AMANAT» партиясының мүшесімін. Ең бірінші атауы өзгерді. Ребрендингтен өтті. Ол да бір әсерін тигізді. Екіншіден, партия басшылығы алда өзгерістер күтіп тұрғанын, сол өзгерістерге дайын екенін айтты. Жай ғана ұрандар емес, нақты істерге көшетінін жеткізді. Міне осындай ұсыныс түсті», - деді Дидар Смағұлов.
Өз сөзінде «AMANAT» партиясының ашықтығы шешім қабылдауына әсер еткенін қозғап өтті.
[embed]https://youtu.be/2yWRWjE-sGk[/embed]Фото: ortcom.kz«Оның үстіне өзім алдын ала әлеуметтік желіге хабарлама қалдырдым. Онда тобымыз бар екенін, әр облыста өкілдеріміз қызмет ететінін, сол сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды ары қарай жалғастыруға дайын екенімізді, ал оны кіммен бірге жалғастыратынымыз шешілмегенін айттым. Тәуелсіз жұмысымызды жалғастыруға мүмкіндік беретін партиямен жұмыс істейтінімізді хабарладым. Бір-екі партиямен талқылау болды. Бірақ осы ұйымның басшысы ретінде «AMANAT» партиясының ұсынысын қабыл алдым. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес бар. Осы кеңеске барғанымда маған белгілі бір деңгейде шектеулер қойып, ойымды толық жеткізуіме мүмкіндік бермейді деп ойлаған едім. Бірақ ондай ешнәрсе болған жоқ. Ашық жұмыс істейміз деп бірден айтты. Міне осы үшін мен партия қатарына кірдім», - деді Дидар Смағұлов.