Жаңалықтар

Сұмдық! Білім беру саласының қызметі бір жылда 10%-ға қымбаттады

Мектептер мен басқа да орта білім беру ұйымдарының қызметі бір жылда 10% дерлік қымбаттады. Ал негізгі және жалпы орта білім беру саласындағы қызмет 13% қымбаттады, деп newsroom.kz хабарлайды finprom.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

2022 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша, негізгі және жалпы орта білім беру бойынша барлық білім беру ұйымдары көрсеткен қызмет көлемі 444,9 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 12,5% артық.

Қызметтердің барлық дерлік көлемі (97,3%) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылды: 433 млрд теңге, бір жылда 12% өсті. Халық қаражаты есебінен 10,2 млрд теңгеге (36,9% көбейді), кәсіпорындар қаражаты есебінен 1,7 млрд теңге (27,6% көбейді) қызмет көрсетілді.

 width=

Өңірлер бойынша негізгі және жалпы орта білім беру саласында қызмет көрсетудің ең көп көлемі Алматы облысына тиесілі: 48 млрд теңге — бір жыл бұрынғыдан 24% аз. Одан кейін Түркістан (47,1 млрд теңге, 28,5% көбейген) және Қызылорда (30,9 млрд теңге, 28,4% көбейген) облыстары.

Ең аз қызмет Ұлытау (3,1 млрд теңге), Солтүстік Қазақстан (13,9 млрд теңге) және Атырау (14,4 млрд теңге) облыстарында көрсетілген.

Меншік нысандары бойынша мемлекеттік кәсіпорындар ең көп қызмет көрсетті (431,4 млрд теңге, 12% көбейген), одан кейін жеке кәсіпорындар (12,4 млрд теңге, 30,9% көбейген) және шетелдік кәсіпорындар (1,2 млрд теңге, 15,1% көбейген).

Кәсіпорындардың көлемі бойынша ең көп қызмет көрсеткен орта компаниялар (245,8 млрд теңге), одан кейін шағын (165,7 млрд теңге) және ірі (33,4 млрд теңге) компаниялар.

 width=

Биылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша, орта білім беру қызметтерінің бағасы бір жылда 9,5% өсті.

Баға ең көп өскен өңір Павлодар облысы: 26,1%. Айтарлықтай өсім Түркістан (23,3%) және Атырау (плюс 22%) облыстарында да байқалды.

Баға бір жылда ең аз өскен өңір Қарағанды және Ұлытау облыстары: 0,7%. Тағы төрт өңірде — Ақмола, Ақтөбе, Алматы және Жетісу облыстарында — баға өткен жылдың қаңтар айындағы деңгейде қалды.

 width=

Фото: egemen.kz