Жаңалықтар

Рас па? Тұңғыш Президент мінген мерседес сатылмақшы

Рас па? Тұңғыш Президент мінген мерседес сатылмақшы

Қазақстандағы бірегей көлік саудасын қыздыратын kolesa.kz сайтына Тұңғыш Президент мінген Mercedes 600 SEL (Sonderschutz) сатылады деген хабарлама шықты деп жазады аталған сайтқа сілтеме жасаған newsroom.kz.

1991 – 1993 жылдары шыққан W140/C140 кузовты көліктің бағасы 220 000 000 теңгеге бағаланып тұр. Бұл аталмыш сайттың статистикасына сүйенсек, 214 125 000 ₸ немесе 2719 пайызға қымбат.

 width=

5 ақпаннан бері 11 594 рет қаралған көлік шамамен 38 255 шақырым жүрген. Брондалған Мерседес Германияда арнайы тапсырыспен құрастырылған дейді хабарлама ауторлары.

Грузияның экс-президенті Эдуард Шеварнадзеге жасалған қастандықта дәл осындай көлік құтқарып қалды деген жазбаға сүйенсек, РФ басшысы В.Путинг мінген осындай үлгідегі көлік жеке тұлғаларға 1,3 млн еуроға сатылған дейді.

Калашников автоматы мен снайперлік винтовка оқтарына төтеп береді деген Мерседестің бұл түрі тура көлік түбінде жарылған 4 келі тротилдің жарылысына да төтеп бере алатын көрінеді.

Толық ақпарат мына сілтемеде: https://kolesa.kz/a/show/148341051